Untitled Document

Мақала... Мұңаймауға, ренжімеуге тырысайық

Мұңайма! Өйткені мұң шағуың дұшпанды қуантады, досты мұңайтады, күндеп жүргендердің тіліне түсіреді.

Мұңайма! Өйткені көңілдің түсуі, қолдан кеткен нәрсені кері қайтармайды, өліні тірілтпейді, тағдырды өзгертпейді, ешқандай пайда бермейді.

Мұңайма! Өйткені мұң, қайғы жүйке жүйелерін бұзады, жүректі шаршатады.

Мұңайма! Күнә істеген болсаң тәубе ет, истиғфар ет, қате істесең түзелт. Оның мейірімі шексіз, есігі ашық.

Мұңайма! Жоғалтқан нәрсең үшін қайғырма, өйткені одан да көп ниғметтерге иесің. Аллаһтың саған берген ниғметтерді ойла және соған шүкір ет. Аллаһу та’ала: «Аллаһтың ниғметтерін санамақ болсаңдар бұған шамаларың жетпейді» деген емес пе? 

Мұңайма! Опасыздардың сөзіне бола ренжіме!

Мұңайма! Сын айтылуына сабыр етсең соңында марапат алатыныңды да ұмытпа!

Мұңайма! Адамдарға жақсылық жасап жүр. Өйткені бақыттың жолы адамдарға жақсылық жасаудан тұрады.

Мұңайма! Өйткені жақсылықтың сыйы, сауабы 10 еседен 700 есеге дейін көп болады. Ал жамандықтың қайтарымы 1 есе болады.

Мұңайма! Дүние бүгін бар, ертең жоқ, бұл жер сынақ мекені.

Мұңайма! Алтын отпенен, ал жақсы құл қиындықтармен сыналып, шыңдалады.

Мұңайма! Адамдар бастарына келген келеңсіздіктерді одан үлкенімен салыстырса, шүбһәсіз бәлелердің кейбірін амандық деп қабыл етер еді.

Мұңайма! Алдыңнан шығуы мүмкін болған келеңсіздіктер үшін, ең жаман ықтималда не болуы мүмкін деп өзіңнен сұра. Кейін бұл нәтижеге өзіңді әдеттендір, оған сабыр ету керектігін өз-өзіңе ұғындыр. «Аллаһ бізге жеткілікті, Ол өте керемет уәкіл» деген аятты ойла!

Мұңайма! Егер бір күні дүниеге қатысты үлкен дертің болса Раббыңа бұрылып: «Менің өте үлкен дертім бар» деме! Дертіңе бұрылып: «Менің өте ұлы Раббым бар!» де!