Сұхбат... Көңіл көзімен қарау
Көз қандай жақсы, пайдалы мүше болса да, қатты жаңылыстырады. Қаншама адамның мұсылман бола алмауы көзінің кесірінен. Көзіне сенген адам, мүбәрәк адамның сырт көрінісіне, кәсібіне қарап жаңылысады, оны тыңдамайды және одан пайдалана алмайды. Бастағы көзге емес, көңілдегі көзге бағыну керек. Көңіл көзі, дұрыстық пен қателікті ажыратады, кімді жақсы көріп, кімді жақсы көрмеу керектігін біледі. Дұрысты дұрыс, бұрысты бұрыс деп біледі.
Ұлы әулие адамдардың сырт көрінісіне қарағандар көр болады. Аллаһу та’ала бір құлына Әһли сүннет сенімін берген болса, оған сүйікті бір құлын танытқан болса, бұл жәйттар маңдайдағы көзбен емес, көңіл (жүрек) көзімен жүзеге асады. Бұл оның көңіл көзінің ашылғанын білдіреді. Көңіл көзі, дұрысты бұрыстан ажырату үшін керек. Ең қиын іс – дұрысты бұрыстан ажырату. Расулуллаһ алейһиссалам үмметіне үйрету үшін: «Йа Раббым! Маған хақты хақ қылып, жалғанды жалған қылып көрсет!» деп дұға еткен.
Әулиенің захирі, яғни сыртқы көрінісі надан адамға у болады. Надан, оның ішкі дүниесінен хабары болмағаны үшін, сырт көрінісіне қарап бағалайды. Әулиеге ақылмен, көзбен, құлақпен барған адам құриды. Мүшріктер де осылай жасаған болатын. Әбу Жәһл, Мұхаммед алейһиссаламға «Әбу Талибтың жетімі» көзқарасымен қарады және кәпірлікте қалды. Әбу Бәкір Сыддық, «әлемдердің Раббысының сүйіктісі» деген көзқараспен қарады. Оған бүкіл нәрсесін пида етті, құрбан етті. Әр сөзінде, «Ол айтқан болса, дұрыс» деп оған толығымен сенді, «сыддық» (сенімді, адал) деген атты иеленді. Пайғамбарлардан кейін адам баласының ең ұлысы, ең үстемі болды.
Кешегі жауап: 1946 жыл.