Untitled Document

Күннің тарихы ... Дүниежүзілік Қыбла күні

Қыбла бағытын табуда жіберілген қателіктерді кетіру үшін 28 мамыр және 16 шілде күндері «Дүниежүзілік Қыбла Күні» деп белгіленген. Мысалға: Алматы қаласында Қазақстан сағаты мен 28 мамырда сағат 15:18 де және 16 шілде күні сағат 15:26 да, жылда екі рет күн дәл Қағбаның төбесіне тура келеді. Күн Қағбаның төбесіне келгенде жер бетінде күнді көріп тұрған аймақтарда Күнге қарай бұрылғандар дәл Кағба бағытына қараған болады. Осылайша бір қаланың құбыла бағыты оңай жолмен және дұрыс табылған болады. Күнтізбемізде әр күні әр бір қала үшін Қыбла сағаттары уақыты беріліп отыр. 

 

Құбыла бағыты қалай табылады?

Күнтізбемізде әр қала үшін  берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады.  Өйткені күн бір тәулікте бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.

Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.

 

Күлімдейік... Жаңғақ ағашы

Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Йа Аллаһым, мына табиғаттың қызығын-ай асқабақтың сабағы кіп-кішкентай бірақ жемісі менің қапшығымдай үп-үлкен. Ал мына діңгегі қалың еңгезердей ағаштың жемісі болса есектің көзінен де кіп-кішкентай» деп іштей ойлайды. Ол осылай ойлап отырғанында басына тарс етіп бір жаңғақ түседі. Шекесі қызарып қалған қожа жаңғаққа бір, асқабаққа бір қарап: «Тәубә, Йа Аллаһым, сөзімді кері алдым. Астында отырған мына ағаш асқабақ ағашы болғанда қайтер едім» деген екен.