Untitled Document

Өлең... Ел бастаған елбасымыз Нұрсұлтан!

Хан Кенеден тоқтаған азаттықты,
Жалғастырған азаматсың тегің дара.
Ел қамын екі иықпен арқалаған,
Сені туған парассатты анаң – дана!
Нұр келбетті азаматсың атыңа сай,
Елмен бірге саналы ғұмыр кешкен.
Сарабдал саясатпен топты жарып,
Талай заңғар істерді батыл шешкен.
Бүкіл жаһан назарын тарта білген,
Төрағалық жасаған жер жүзіне.
Таңқалдырған бойындағы даналықпен,
Таңырқаумен қаратқан әр сөзіне,
Қиын-қыстау заманда еш саспаған.
Бас түсірмей көкірегін тік ұстаған,
Кемеңгерлік болмыспен көш бастаған,
Нағыз ерсің Нұраға елбастаған!
Тарихта мәңгі есімің ұмытылмас,
Таңба болып қалады ұрпақ үшін
Мақтаймызда, мақтанамыз өзіңменен.
Талмасын Ел ағамыз жігер күшің.
Тұғыры биік рухы асқақ ұлттың ұлы тұлғасы!
Алты алаштың арқа сүйер парасатты ағасы!
Қазақтың алып қыраны, ынтымақ болған ұраны,
Ел бастаған елбасымыз Нұрсұлтан!
Көш бастаған көшбасшымыз Нұрсұлтан!!!

Мұхаммед-Али Накипов