Өлең... Ел бастаған елбасымыз Нұрсұлтан!
Басшысыз елдің болмас берекесі,
Жердегі патша – елінің қамқор пендесі.
Жетпіс жыл отарлықтан азып тозған,
Азат болып көтерілді ел еңсесі.
Сол елді бар алемге таныттырған,
Олда білсең елбасының мәртебесі.
Ата заңды, тілді, дінді қуаттаған!
Көк байрақты биік ұстап құлатпаған!
Отан үшін аянбай қызмет етіп,
Тер төгіп ел үмітін ардақтаған!
Тұмардай тыныштықтың ұйытқысы,
Ақылмен әр қадамын салмақтаған.
Көсемдікпен ертеңді көре білген,
Қателікке бой алдырмай ар сақтаған.
Халық қамын жасаған ерлігімен
Көзге түскен көреген тірлігімен.
Елімізді көп елге үлгі еткен,
Тату-тәтті көп ұлттың бірлігімен.
Білімді ұрпақ жеткізуді мақсат етіп,
Ертеңіне елінің аландаған.
Биік жарқын болашақ күндеріне,
Жастарының жетуін армандаған.
Жаратқан жарылқады қазақ жерін,
Ел басына қайта қойып қазақ ерін.
Кемелді келешекке жол бастаған,
Жәрдемшіге табыстап жұртты керім.
(Жалғасы ертең...)