Сұхбат... Рахмет періштелері
Рахмет періштелері мен кираман катибин және өлім періштелері басқа-басқа болғанындай, бұлардың міндеттері де басқа-басқа. Рахмет періштелері (Аллаһтың мейіріміне себеп болатын періштелер) мына жерлерге кірмейді: 1) Ішінде жанды нәрсенің суреті немесе мүсіні болған бөлмеге, 2) Алкоголді ішімдік ішіліп жатқан және ішкілік болған жерге, 3) Құмар ойындары ойналатын немесе құмар ойын құралдары болған жерге, 4) Күнә істеліп жатқан жерге, 5) Ит болған жерге, 6) Жүніп адам болған бөлмеге, 7) Сазды аспаптар (мысалы теледидар) болған бөлмеге, 8) Қонақ келмейтін үйге, 9) Әурет жерлері ашық болған адамдар бар жерге, 10) Ата-анасына қарсы шыққандардың үйіне. (Нисабул-ахбар)
«Періште кірмейтін үйге шайтан кіреді.» Ал шайтан әртүрлі жамандық жасату үшін уәсуәса (жаман ой) береді. Рахмет періштелері үйге кірмесе олардың пайдаларынан және дұғаларынан махрұм қаламыз. Бұл тақырыптағы хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Бір үйге қонақ келген кезде періштелер дастархан басында үй иесіне дұға етеді.» (Табарани)
«Дастарханда тамақты сірке суымен бірге жеген адамға да періштелер дұға етеді.» (Ибн Асакир)
«Аллаһу та’ала зікір етілген жерлерге періштелер рахмет шашады.» (Әбушшәһх)
«Бір адам намаз оқыған жерінен кеткенге дейін періштелер «Йа Раббым, бұған мейірім ет» деп дұға етеді.» (Нәсаи)
«Періштелер жақсылық үйрететін адамдарға дұға етеді.» (Тирмизи)
«Төсекке дәретті болып жатқан адам үшін бір періште таңға дейін «Йа Раббым, бұны кешір» деп дұға етеді.» (Хаким)
Өлім халіндегі адам жатқан бөлмеде хайзды әйел немесе періштенің кіруіне бөгет болатын басқа нәрсе болмау керек. Мүмин рухын тапсырып жатқан кезде рахмет періштелерін көріп, жан беру азабын сезбейді. Ол жерге рахмет періштелері кірмесе, ол адам өлетін кезде қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Сондықтан рахмет періштелерінің кіруіне бөгет болатын іс жасамауымыз керек.