Untitled Document

Хикмет... «Мені қатты ренжіттің»

Бір мәжілісте бір кісі бір ислам ғалымының жақсы қасиеттерін айтып асыра мақтап жатады. Өзін асыра мақтап жатқанын естіген ғалым басын көтеріп былай дейді:

«Өзімнің қандай адам екенімді, өзім жақсы білемін. Ей менің жақсы қасиеттерімді санап жатқан адам! Тоқтат, сен мені қатты ренжіттің. Сыртқы көрінісім солай шығар, бірақ сен менің ішкі көрінісімді білмейсің. Сыртқы көрінісім барлығына жақсы болып көрінеді, бірақ ішкі көрінісімнен ұялып, басымды көтере алмай отырмын. Тауыс (павлин) құсын қауырсындары әдемі, сәнді болғаны үшін елдер мақтайды. Ал ол аяғының ұсқынсыздығынан ұялады.»

٭٭٭

Надандығын паш ету.

Әһли хикмет бір кісіден естідім: «Ешкім өзінің надандығын мойындамайды. Алайда, сөйлеп жатқан адамның сөзін, толық бітірмей жатып бөлген адам өзінің надандығын көрсетеді.»

Ей ақыл иесі! Басы бар сөздің соңы да бар. Біреу сөзін аяқтамай жатып сөзін бөлме. Ақылды, тәрбиелі адам алдындағы кісі сөзін бітірмейінше сөйлемейді.

٭٭٭

Нәпсінің жағдайы.

Ислам ғалымының бірінен «Ең бірінші дұшпаның – нәпсің.» хадис шәрифінің мағынасын сұрадым. Ол маған былай деп жауап берді:

«Қандай дұшпан болсын, жақсылық жасасаң дос болады. Ал нәпсі ондай емес. Нәпсіге қанша жақсылық жасасаң да ол саған бас имейді.»