Үй үшін... Кондиционер қолдану
Соңғы жылдарда жаздың ыстық күндерінде жаппай модаға айналатын кондиционерлер өміріміздің барлық жерінде кезігетін жағдайға келді. Осы салқындатқыштың денсаулығымызға беретін зиянын тағы бір еске сала кетейік.
Кондиционерлі мекенге кіріп шыққан сайын тап болатын температура айырмашылығы және кондиционерлі ортаның жабық болатындықтан ауасыз болуы, микроптарға ұя қалыптастыруы денсаулығымызға болымсыз әсер ететін маңызды факторлар. Кондиционердің температурасын тағайындағанда сыртқы температураның айырмашылығы тым жоғары болған жағдайда жүрекке зиянды болатындықтан, сырттағы температурадан қатты суық болмауына мән беру керек. Терезелерді ашып самал желмен іштегі ауаны тазарту әдетіміз кондиционер келгелі барлық тесіктерді жауып оттегі мөлшерінің өте төмендеуіне де ықпал етудеміз. Кондиционер қолданғанда жасалатын ең үлкен қателердің бірі, ыстық ауа кіреді деп бөлменің 24 сағат жабық тұтылуы.
Мәлімет... Күнтізбедегі Ораза кестесі
Рамазан айының қазаларын немесе Шәууал айының оразасы сияқты қасиетті күндерде ораза тұту үшін күнтізбеміздегі «Имсак» деген уақытта ауыз бекітіліп, «Шам» деген уақытта ауыз ашылады. Яғни ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішіп-жеп болу керек. Таң намазы уақыты күнтізбеміздегі имсак сағатынан шамамен 20 минут өткен соң басталады. Ауызашар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттар мен көрсетілген. Демек ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.