Untitled Document

Күннің тарихы ... Дүниежүзілік Қыбла күні

Қыбла бағытын табуда жіберілген қателіктерді кетіру үшін 28 мамыр және 16 шілде күндері «Дүниежүзілік Қыбла Күні» деп белгіленген. Қазақстан сағатымен Алматыда 28 мамырда сағат 15:18 де және 16 шілде күні сағат 15:26 да, жылда екі рет күн дәл Қағбаның төбесіне тура келеді. Күн Қағбаның төбесіне келгенде жер бетінде күнді көріп тұрған аймақтарда Күнге қарай бұрылғандар дәл Кағба бағытына қараған болады. Осылайша бір қаланың құбыла бағыты оңай жолмен және дұрыс табылған болады. Күнтізбемізде әр күні әр бір қала үшін Қыбла сағаттары уақыты беріліп отыр. 

Қыбла бағыты қалай табылады?

Күнтізбемізде әр қала үшін  берілген «Қыбла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады.  Өйткені күн бір тәулікте бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.

Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына  (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.

 

СҰХБАТ... Надандықтың белгілері

Ислам ғалымдары айтады:

«Адамның надандығы 6 сипатынан білінеді:

- Барлық нәрсеге ашуланады. Тасқа сүрінсе тасқа ашуланады, жануарға ашуланады, адамға ашуланады. Тез ашуланады және ашуын оңайлықпен баса алмайды.

- Пайдасыз сөздер айтады.

- Сыр сақтай алмайды.

- Мал-мүлікті орынды жұмсай алмайды.

- Барлық адамға сене береді.

- Досын, дұшпанын білмейді, танымайды. Жамандармен дос болады».