Untitled Document

Сұхбат... Ғұсыл қалай алынады?

Сүннетке сай ғұсыл былай алынады:

  1. Таза болса да әуелi екi қолды, содан кейін әурет жерiн және дененiң басқа да жерлерiн жуады.
  2. Одан соң толық дәрет алады. Жүзiн жуып жатқанда ғұсылға ниет етеді. Аяқтың астына су жиналмаса аяқты да жуады.
  3. Одан соң дененiң барлық жерiне үш рет су құяды. Алдымен басқа, онан соң оң иыққа, кейiн сол иыққа үш реттен су құйылады. Әр құйғанда сол мүшелерге толық су тиюі керек. Бірінші құйғанда ысқылау керек.

Ғұсылда дененiң бiр мүшесiне құйылған су басқа мүшеге  тисе ол жер де таза болады. Өйткенi ғұсылда бүкіл дене бiр мүше болып есептеледi. Ал дәретте бiр мүшеге құйылған су басқа мүшеге тисе толық жуылған болып есептелмейдi. Ғұсыл алғаннан кейін қайта дәрет алу мәкрух болады. Бiрақ, ғұсыл алу кезінде дәретi бұзылса қайта дәрет алу керек. 

Бұл қызық... Білесіз бе?

  • Бір көздің қызметін атқару үшін футбол алаңындай жерге соңғы жүйемен бір фабрика салу керек.
  • Денемізде 60 триллион жасуша бар. Барлық жасуша жанды. Өседі, көбейеді және өледі. Денемізде секунтына 50 миллион жасуша өледі және көбейеді.
  • Адамның миында 90 миллиард жүйке орталығы бар.
  • Өкпе бронхтарын ашып, жазық жерге жайса 250 м2, (яғни футбол алаңының үштен біріндей) жерді алады.
  • Көздің жасы микроптарды өлтіреді.
  • Тамырларымыздың ұзындығы 100 000 км.