Untitled Document

Сұхбат... Ғұсыл

Намаздың дұрыс болуы үшiн дәреттiң де, ғұсылдың да дұрыс алынуы керек. Жүнiбтiк, жыныстық қатынас және ихтилам арқылы болады. Жүнiб болған әйел және еркек, хайыз немесе нифастан босаған әйелдерге намаз уақытының соңында сол намазды оқитындай уақыт қалғанда ғұсыл алуы парыз болады.

Пайғамбарымыз хадис шәрифте былай деген: «Ғұсыл алу үшін орнынан тұрған адамға денесіндегі түк санына (яғни өте көп) сауаб берiледi. Сонша күнәсi де кешiрiледi. Жәннаттағы дәрежесi жоғарылайды. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауаб, дүниедегi барлық нәрседен де артық болады. Аллаһу та’ала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң әмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешiремiн дейдi».

Басқа бiр хадисте: «Жүнiп болғанда жылдам ғұсыл алыңыздар! Өйткенi Кирамән катибин перiштелерi жүнiп адамға ренжидi, өкпелейдi». Имам Ғазали айтады: «Қайтыс болған бiр адам түсiмде былай дедi: “Өмірімде аз уақыт жүнiп халде жүрген едiм. Қазiр ендi үстiме оттан көйлек кигiздi. Әлi де оттамын”- дедi.» Бiр хадис шәрифте: «Жанды сурет, ит және жүнiп адам болған үйге рахмет перiштелерi кiрмейдi» делінді.

Намаз оқитын кез-келген адам намаз уақытын жүнiп халде өткiзсе қатты азапталады. Сумен жуынуға мүмкiндiгi болмаса тәйәммум алуы керек. Жүнiп болған адамдар төмендегi нәрселердi iстей алмайды: 1. Еш бір намаз оқи алмайды. 2. Құран Кәрiмдi ұстай алмайды. 3. Қағбаны тауап ете алмайды. 4. Мешiтке кiре алмайды.