Ғибрат... Христиан әйелдің мұсылман әйелдерге жазған хаты (3)
Сондай-ақ, қызығушылық танытып жүргендер бар болса, олар үшін кішкентай бір сырды ашайын. Үйленуге дейінгі жыныстық қатынас соншалықты қызық нәрсе емес. Біз өз денемізді өзіміз сүйген еркектерге сеніп тапсырдық. Бұл жағдай оларды бізді жақсы көруге және бізге үйленуге мәжбүрлейді, деп ойлаған едік. (жасөспірім кезеңінде теледидарларда көргеніміздей). Алайда әрдайым бірге болудың кепілі ретіндегі некенің болмауы және әрдайым қасыңда болатынына сенімсіздікпен ұштасқандықтан жағымсыз, тіпті жаман әсер қалдырады. Бұл – қасірет, масқаралық және сезімдердің сөнуі болып табылады. Көз жасымызды көлдетуіміздің себепкері. Әйел ретінде мені түсінесіңдер деп ойлаймын. Өйткені әйелдің көңіліндегі қайғы-қасіретті тек әйелдер ғана шынайы түрде түсіне алады. Біз барлығымыз негізінде бірдейміз. Біздің нәсіліміз, ұлтымыз немесе дініміздің өзгеше болуы мұны өзгертпейді. Әйелдің көңілі – барлық жерде бірдей. Біз жақсы көреміз. Бұл біздің қолымыздан келетін істердің арасында ең жақсы орындай алатын ерекшелігіміз. Біз отбасымызды аялаймыз, үйде жайлылық, тыныштық орнатып, жақсы көретін еркектерімізді қолдап күш-қуат береміз. Бірақ біз америкалық әйелдер қатты алдандық. Жақсы жұмысымыз болса, жалғыз тұра алатын жеке үйіміз болса және таңдауымыз түскен жанға махаббатымызды ұсына алатын еркіндік болса, сонда бақытты бола аламыз деп ойладық. Бұл еркіндік те емес және махаббат та емес. Некелесіп тұрмыс құрған жұптар ғана шынайы түрде жақсы көре алады. Бұдан басқасына разы бола көрмеңдер. Өйткені некесіз қатынас арқылы, шынайы түрде жақсы көре алмайсыңдар, нәтижеде өздеріңді де жек көретін халге түсесіңдер, тастандыға айналған кезде.