Untitled Document

Ғибрат... Христиан әйелдің мұсылман әйелдерге жазған хаты (2)

Олар, Хауа анамызды тыйым салынған жеміспен алдаған Ібіліске ұқсайды. Бұған алданбаңдар! Мен сендерді қымбат, құнды жауһардай, таза алтындай қадірлісіңдер деп есептеймін. Әйелдің ар-намысы – баға жетпес байлық. Ал олар бұны арзан деп сендіруге тырысуда. Әйелдің қадірін ештеңемен теңестіруге болмайды. Батыстағы моданың міндеті, «Сендердегі ең бағалы нәрсе – шахуатты қоздырарлық келбет»- деп сендіру. Бірақ бұл қаншалықты оғаш естілсе де, сендердің әдемі киімдерің батыстың кез-келген модасына қарағанда әдемі. Өйткені олар сендерді құпиялық шеңберіне орап және сендердің ар-ождан, асқақ абыройларың мен сенімдеріңді көрсетіп тұрады. Әйел жыныстық тартымдылығын бөтен көздерден сақтауы тиіс. Өйткені ол сені сүйетін және құрметтейтін, сенімен тұрмыс құратын адамға сыйлық болу керек... 

Біздің еркектер пәктікке мән бермей қойды. Олар шынайы бриллианттың қадірін түсінбей, көрінісі әдемі болған жасанды тастарды таңдайтын болды. Таңдағанда да, соңында оны да тастап кету үшін таңдайтын болды! Сендердегі ең қымбат нәрсе – сендердің ішкі сұлулықтарың, пәктіктерің және өздерің қандай болсаңдар солай көрсетіп тұратын жақтарың. Соған қарамай мен мына нәрсені байқадым. Кейбір мұсылман әйелдер батыстықтарға еліктеуге тырысуда. Өз абыройынан айрылғанына өкініп жатқан немесе бұл абыройдан жақын күнде айрылатыны анық болған әйелдерге еліктеудің не қажеті бар? Сендер ақаусыз, мінсіз алмазсыңдар. Сендерді алдауға, құны жоқ тастарға айналдыруына жол бермеңдер. Сендер көріп жүрген батыстың мода журналдары мен теледидарларындағы көріністердің барлығы жалған, көзбояушылық. Бұл – ібілістің тұзағы.