Ғибрат... Христиан әйелдің мұсылман әйелдерге жазған хаты (1)
... Сендер бізге қарағанда бақыттырақ көрінесіңдер. Өйткені сендер табиғи әйел өмірімен тіршілік етудесіңдер. Әлем жаралғаннан бергі әйелдер өмір сүріп келген өмір салтын батыс әйелдері де 1960-шы жылдарға дейін ұстанып келді. Осы жылдардан кейін біз (америкалық әйелдер) Голливуд киноларының шабуылына, яғни араңдатушылығына тап болдық. Мен сендердің де бастарыңа осындай күндердің келуін қаламаймын. Өйткені мұның салдарында біз сияқты қорлықтарға душар боласыңдар. Егер біз сияқты осындай араңдатушылықтың нәтижесінде көп нәрсені жоғалтқандардың жан айқайына құлақ салсаңдар, бәлкім сендер бұл апаттан аман қаласыңдар. Өйткені Голливудтың шығарып жатқан киноларындағы өмір өтірік, барып тұрған сұрқиялық. Олар кездейсоқ болған зинаның ешқандай зияны жоқ, жай ғана көңіл көтерудей етіп көрсетеді. Осы арқылы қоғамның ар-ұяттылық, әдеп-ахлақ қағидаларын жойып, оның орнына өздерінің зиянды, улы бағдарламаларын енгізуді қалайды. Америкалық әйелдерді бүкіл әлемге бақыттысымақ етіп көрсететін, отбасымыз, күйеуіміз жоқтығына және жезөкшенің киімі іспеттес киімдерімізбен бізді өте қуанышты әйел ретінде көрсететін, шахуатты қоздыратын фильм және клиптермен олар сендерді де азғырып, бастарыңды айналдырмақ. Біз көпшілігіміз бақытты емеспіз, маған сеніңдер. Біздің арамызда миллиондаған әйел стреске қарсы антидепрессанттармен емделуге мәжбүр, ал түндері, жақсы көретіндерін айтып, құмарларын қандырған соң тастап кететін еркектердің кесірінен жылаумен өтеді. Олар сендердің отбасыларыңды бұзуды және аз балалы болғандарыңды қалайды. Олар осы мақсатпен үйленуді өзін құлдыққа итермелеу деп, ана болуды қорлық, ал арлы, пәк болуды артта қалушылық, кері тартпа деп көрсетеді.