Денсаулық... Сүтке теңдес нәрсе жоқ
Сүт - теңдесі табылмаған, балалардың өсуі, күш алуы, үлкендердің жақсы азықтануы үшін сүт ағзаға қажетті барлық азықтарды қамтитын ас болып табылады. Сүттің бұл құндылығы басқа ешқандай азық пен дәріде кездеспейді. Сүт - өсу мен дамудың негізгі іргетасы. Ағзаның бірнеше өмірлік қызметтерін атқаратын жүрек, жүйке және бұлшық ет жасушалары үшін қажетті тағам. Ұзақ және сау өмір сүру үшін нағыз керекті ас.
Сүтте май, шекер, протеин және әр түрлі витамин, минералды тұздар, ауруға қарсы тұратын барлық элементтер кездеседі. Сүттен жасалатын май, ірімшік, айран да ең қажетті азықтар болып табылады. Сүтті күніне ең аз дегенде жарты литр тұтыну керек. Жарты литр сүт күндік қажеттілігіміз болып табылатын кальцийдің 75 %-ын, фосфордың 60%-ын, йодтың 25%-ын, В 2 және В 12 витаминдерінің 77 %-ын, С витаминінің 15 %-ын, А витаминінің 23 %-ын, Д витаминінің 16 %-ын қамтиды. Мысалы, ондағы кальций еттен 10, наннан 5, алмадан 15, салат жапырағы мен сәбізден 3 есе көп.
Сүт ішуді әдетке айналдыру керек. Батыста бұған үлкен мән беріледі. Дені сау ұрпақ жетілдіру үшін сүт тұтынуды арттыру керек.
Сұхбат...
Алты нәрсе
Хадис шәрифте Пайғамбарымыз былай деді: «Алты нәрсе алты жерде обал болады:
1 Мешіт: Намаз оқымайтын адамдардың арасында,
2 Мусхаф: Оқылмайтын үйлерде,
3 Ғалым: Оны тыңдамайтынтар арасында,
4 Мұсылман салих ер кісі: Жаман әйелдің қолында,
5 Мұсылман салиха әйел кісі: Жаман күйеудің қолында,
6 Құран кәрім: Әмірін орындамайтын қарилердің жадында»