Untitled Document

Ғибрат... Күнәлар жапырақ секілді төгіледі

Хазреті Салман Фариси хазреті Әбу Осман (Радиаллаһу анһума) екеуі ағаш астында отырған еді. Хазреті Салман ағаштың қураған бір бұтағын сындырып, жапырақтары төгілгенге дейін сілкіледі. Хазреті Әбу Осман таңырқап қарап отырды. Салман радиаллаһу анһ: «Йа, Әбу Осман! Неге бұлай істегенімді сұрамаймысың?» деді. Ол «Неге бұлай істедің?» деп сұрады. Хазреті Салман Фариси былай деп айтып берді: «Бір күні расулуллаһ алейһиссаламмен осындай бір ағаштың астында отырған едік. Пайғамбарымыз дәл осылай етіп қураған бұтақты сындырды. Бұтақты жапырақтары төгілгенше сілкіді. Кейін маған қарап: “Салман, менің неге бұлай істегенімді сұрамаймысың?” деді. Мен “Неге бұлай істедіңіз, Йа расулаллаһ” деп сұрадым. Пайғамбарымыз: “Бір мұсылман жақсылап дәрет алып, бес уақыт намазын оқыса, күнәлары мына жапырақтар секілді төгіледі” деді. Артынша мына аяти кәриманы оқыды: “Күндіздің екі ұшында және түннің алғашқы сағаттарында намаз оқы. Өйткені жақсылықтар жамандықтарды кетіреді.” (Нас сүресі 114)»  

 

Денсаулық...Бала және кесек

Балаларда байқалатын кесек (топырақ) жеу қалауының феруммен (темір) қатар цинк елементінің де жетіспеушілігінен туындайды. Қан аздығына себеп болатын ферум жетіспеушілігі балаларда кесек жеу қалауын қалыптастырады. Бастапқыда қан аздығына байланысты басталған кесек жеу қалауы кейіннен күнделікті әдетке айналуы мүмкін. Мұндай балардың азықтарына мән беру керек. Қызыл ет, жаңғақ, шпинат, қызанақ, жұмыртқаның сарысы және кунжутта көп мөлшерде цинк болады.