Untitled Document

Денсаулық... Құлпынай (2)

Ғалымдардың айтуынша, құлпынайдың жеу нормасы күніне 500 грамнан аспау керек. Ағзаны қоректендіру үшін осы қалып жеткілікті, басқалай болғанда ішек жолдарының құртылуына, ал жақсылап жуылмаған жағдайда бүйректе құм жиналуына себеп болуы мүмкін. Жөтел және өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру және организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.

Құлпынайды қалай таңдауға болады?

  • Сатылғанда құлпынайдың гүлсабағы да міндетті түрде сақталуы керек. Себебі гүлсабағының сақталуы құрамында С дәруменінің қажетті мөлшері болуына кепіл болады.    
  • Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа және ұсақ жидектерінде дәрумендер көбірек болады.    
  • Құлпынайдың беткі қабатында түрлі дақтар болмауы керек. Бұл құлпынайды өсіргенде химиялық заттар қолданғандығын көрсетеді.
  • Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін  кездестіруге болады. Бұл құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болып, әрқайсысының өзіндік дәмі мен ерекшеліктері болады.
  • Сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады. Иісі байқалмайтын жидектердің "химия" көмегімен өскендігі белгілі болады.              
  • Оның дәмін татып көруден қорықпау керек. "Металлдық дәм" құрамындағы нитраттың көптігін білдіреді.