Untitled Document

Денсаулық... Құлпынай (1)

Құлпынай – жарықсүйгіш өсімдік. Жидегі қызыл түсті, хош иісті болып келеді. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Құлпынай – дәрумендерге өте бай. Құрамында ағзаға аса пайдалы С дәрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод та бар. Қыс бойы дәрумен жетіспей әлсіреп шығатын ағзаға аса пайдалы. Құрамындағы көміртектер қан құрамындағы қантты көтермейтіндіктен, сахар диабетіне шалдыққан адамдарға жеуге рұқсат берілген. Жуырда құлпынайдың рак клеткаларының өсуін баяулататындығы анықталды.

Құлпынайдың пайдалары:

  • Дәрумен жетіспеушілікке өте пайдалы.
  • Тамырдың бітелуін алдын алады және холестеринді түсіреді.
  • Ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды.
  • Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді.
  • Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі.
  • Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы.
  • Жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды.
  • Шек құрттарын кетіреді.
  • Қанды тазартады, денеден улы заттарды шығарады.
  • Тіс еттерін қуаттандырады, ауыз иісін кетіреді.
  • Тынышталдырады, күйзелісті азайтады.
  • Қан қысымын түсіреді, дене қызуын басады.
  • Ревматизм, бүйрек ауруларына пайдалы.

(Жалғасы ертең...)