Сұхбат ...............................Халал жолмен ақша табудың маңызы
Құран кәрімнің Мүминун сүресі, 52-ші аятында былай делінді:
“Ей пайғамбарларым! “Cалауатуллаһи алейһим әжмаин” Халал және таза тамақтаныңдар және маған лайық ғибадат етіңдер!”
Хадис шәрифте былай делінді: “Халал табыс табу әрбір мұсылманға парыз.” “Бір кісі харам араластырмай 40 күн халал тамақтанса, Аллаһу та’ала оның жүрегін (көңілін) нұрмен толтырады, жүрегіне өзендердей хикметтер ағады. Дүние махаббатын көңілінен кетіреді.”
“Көп кісілер бар, жегендерімен ішкендері харам. Сөйте тұра қолдарын жайып дұға етеді. Мұндай дұға қалай қабыл болады?”
“Харам жегендердің парызы да, сүннеттері де қабыл болмайды.” (Яғни сауабына қауыша алмайды.) Он теңгелік киімнің бір теңгесі харам болса, ол киіммен оқылған намаз қабыл болмайды.
“Хараммен тамақтанған дененің отта жануы лайықты.”
“Мал-мүліктің халалдан ба харамнан ба келгенін ойланбағандар, тозақтың қай жеріне тасталса тасталсын, Аллаһу та’ала оларға рахымшылық етпейді.”
“Ғибадат он бөліктен тұрады, оның тоғызы халалдан табыс табу.”
“Халал табу үшін шаршап үйіне келген кісі күнәсыз жатады, Аллаһу та’аланың сүйген құлы болып оянады.”
“Аллаһу та’ала: “харамнан қашқандардан есеп сұрауға ұяламын” деп бұйырған.”
Дүниелік табыс табу үшін жұмыс істеу күнә емес. Дүние махабаты, дүниеге көңілін байлау күнә болады. Са’д бин Әби Уаққас хазрет: “Йа Расулаллаһ, дұға етіңіз, Аллаһу та’ала менің әрбір дұғамды қабыл етсін!” дегенінде пайғамбарымыз: “Дұғаның қабыл болуы үшін халалдан тамақтаныңдар” деді.
Хазреті Әбу Бәкір қызметшісі алып келген сүтті ішеді, сонан соң халалдан болмағанын біліп, саусағын аузына салып құсады. Қиналып шығарғаны сонша, көргендер жанталасып жатыр деп ойлады. Кейін; “Йа Рабби қолымнан келгенін істедім, асқазаным және тамырларымда қалғандардан саған сиынамын!” деп жалбарынды.