Сұхбат... Құран кәрім
Жәбрейіл алейһиссалам Құран кәрiмді Мұхаммед алейһиссаламға жиырма үш жыл бойы алып келді. Құран кәрiм 114 сүре, 6236 аяттан тұрады. Бұл сандар кейбiр кiтаптарда басқаша жазылады. Оның себебi ұзақ аяттарды бiрнеше аят деп санағандықтан. Өйткенi Құран кәрiм түскеннен берi ешбiр өзгерiске ұшырамаған, бұдан кейiн де өзгерiске ұшырамайды. Құран кәрiм Аллаһу та’аланың сөзi. Мұндай кiтаптың адамдар тарапынан жазылуы мүмкiн емес.
Пайғамбарымыз көз жұмғаннан кейiн халифа хазреті Әбу Бәкiр Сыддық (радиаллаһу анһ) Құран кәрiмнiң аяттарын жинақтады. Осылайша Мусхаф (Құранның кітап халі) пайда болды. Сахабалардың барлығы, бұл мусхафтың Аллаһ сөзi екендiгiн бiр ауыздан бiлдiрді. Үшiншi халифа хазреті Осман (радиаллаһу анһ) бұл мусхафтан тағы да алты дана жаздырып көбейттi. Сөйтiп әртүрлi аймақтарға жiберiлдi. Құран кәрiмдi өзінен оқу керек. Басқа әрiптермен жазылғандарына Құран кәрiм делінбейді.
а) Құранды ұстайтын кезде дәреттi болу керек. Қыблаға қарап отырып мұқият оқу қажет.
б) Ықыласпен оқу керек.
в) Әрбiр аятын асықпай, құрметпен, кітапқа қарап оқу керек.
г) Тәжуид қағидаларына сай оқу керек.
д) Оқығанының Аллаһ сөзi екендігін ойлау керек.
ж) Құранның әмiр және тыйым салғандарына бағыну керек.