Untitled Document

Тарих... Мұсылман өнертапқыштары әлемге не сыйлады? (4)

Үш тағамнан тұратын түскі ас. Үш тағамнан тұратын түскі ас – біріншіге сорпа, одан кейін желінетін ет немесе балық, оның артынша берілетін жемістер мен жаңғақтар концепциясын ІХ ғасырда Кордобадан Иракқа әкелген Әли ибн Нафи болатын. Ол сонымен қатар тұрмыста хрусталь стақандарды пайдалануды енгізді (оны аталып өткен Аббас ибн Фирнас ойлап тапқан).

Кілемдер. Кілем ортағасырлық мұсылмандарда үйдің ажырамас бөлігі саналатын. Мұсылмандарда тоқымашылық техникасы жақсы дамыған еді, әрдайым жаңа бояулар пайда болып тұратын, тоқымашылардың өнері де соңғы орында емес етін. Еуропада еденді тоқыма төсенішпен жапқан, алайда үй жинаған кезде астына қоқым жиналып қала беретін. Сол себепті араб және парсы кілемдері әлі күнге дейін үлкен сұраныста.

Чек. Мұсылмандар болмаса чек дегеннің не екенін білмей өтетін едік. «Чек» сөзінің өзі арабтың «Саққ» сөзінен шыққан. Оның мағынасы тауарды жеткізген уақытта міндетті түрде төлеймін деген қолжазба. Чекке деген сұраныс ақшаны алыс қашықтыққа алып жүру қауіпті болғаннан туған. ІХ ғасырдың өзінде мұсылман кәсіпкерлері бағдад банкілеріне жазылған чектерді Қытайда ақшаға ауыстырып ала алған.

Жер – домалақ. ІХ ғасырда көптеген мұсылман ғалымдары Жердің дөңгелек формада екеніне сенімді болған. Астроном Ибн Хазмның пікірі бойынша, «Күннің Жердің нақты бір нүктесіне әрқашан тік орналасуы» бұған дәлел бола алады. Бұл Галилей жаңалық ашқанға дейін 500 жыл бұрын айтылған. Мұсылман астрономдарының есептеуі нақты болғаны сонша, олар экватордың ұзындығын 40253,4 километр деп есептеп, 200 км-ге ғана қателесті.

Торпедалар мен ракеталар. Қытайлар селитрадан дәрі жасап, отшашу үшін пайдаланғанымен, арабтар оны калий селитрасымен тазалап әскери мақсатта қолдануды ойлап тапты. Мұсылмандар осы қарумен крест жорықшыларын қорқыта алды. ХV ғасырға дейін олар «өздігімен қозғалатын және жанатын жұмыртқа» деп атаған ракеталарын, торпеданы және өздігімен қозғалатын ұшында садағы бар алмұрт тәріздес жарылғыш зымыранды жасап шығарды. Соңғысын олар жау кемелерін жару үшін пайдаланды.

Бақтар. Ортағасарлық Еуропада бақша болғанымен, арабтар бақты демалыс және тәфәккүр үшін қарастырды. Алғашқы патшалық бақтар ХІ ғасырда мұсылмандық Андалусияда пайда болды. Қалампыр мен қызғалдақтардың отаны да мұсылман елдері.