Untitled Document

Тарих... Мұсылман өнертапқыштары әлемге не сыйлады? (3)

Хирургиялық құралдар. Скальпельдерді қосқанда, медициналық аралар, қысқаштар, жіңішке қайшылар, жалпы көптеген заманауи хирургиялық құралдар мұсылман хирург әз-Захрави ойлап тапқан қалпын әлі күнге дейін сақтауда. Сонымен қатар ол ішкі тігіске пайдаланылатын кетгут ағзада табиғи түрде сорылып кететінін және медициналық капсулаларда пайдалануға болатынын байқаған. ХІІІ ғасырда, Уильям Гарвейге дейін 300 жыл бұрын, мұсылман дәрігері Ибн Нафис қан айналу процесін сипаттап берген. Мұсылман дәрігерлері анестетиктер мен катарактаны экстракциялауға арналған қуыс инені ойлап тапқан.
Жел диірмені. Жел диірменін арабтар 634 жылы ойлап тапқан және жүгеріні ұнтақтау және сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланған. Араб шөлдерінде жалғыз қуат көзі айлар бойы бір бағытта соғып тұратын жел болатын және сол қайнаркөздің бар күшін пайдаланатын. Жел диірмендерінде матамен және пальма жапырақтарымен жабылған 6 немесе 12 қанат болатын. Еуропада алғашқы жел диірмендері тек 500 жылдан кейін пайда болды.

Екпе. Екпе жасату жайлы пікірді алғаш болып ұсынған Дженнер де, Пастер де емес, мұсылмандар. Еуропаға бұл техника Османлылардан 1724 жылы келген. Стамбұлда бұл үрдіске ағылшын елшісінің әйелі назар аударады. Османлыларда балаларға шешекке қарсы екпені еуропалықтардан 50 жыл бұрын жасайтын болған.

Автоқалам. Алғашқы автоқаламды сұлтан үшін 953 жылы ойлап тапқан: басшы оның киімі мен қолын ластамайтын қалам талап еткен. Ол кездері сияның қаламұшына бару жүйесі дәл қазіргідей еді.

Белгілеу жүйесі. Әлемде қолданылып жүрген белгілеу жүйесі Үндістаннан шыққан болар, бірақ сандар пішіні – арабтікі, және ең алғаш жазба түрде мұсылман математиктері әл-Хоризми мен әл-Киндидің жұмыстарында 825 жылы жарыққа шықты. «Алгебра» сөзінің түп атасы Әл-Хорезмидің “Әл-жәбр уә муқабилаһ” кітабының атауынан шыққан, сонымен қатар онда жазылған қағидалар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді. Алгоритмдер мен тригонометрияның кейбір теорияларымен қоса мұсылман математиктері жұмысының нәтижелері Еуропаға 300 жылдан кейін жетті. Әл -Кинди ашқан жиілік анализ заманауи криптографияның дамуына негіз болды.