Untitled Document

Тарих... Мұсылман өнертапқыштары әлемге не сыйлады? (2)

Сабын мен су сабын. Күнделікті жуыну – исламның басты шарттарының бірі. Сондықтан болар мұсылмандар сабынды барынша жетілдіруге тырысқан. Сабынға ұқсас жуу құралдары ежелгі мысырлықтарда, римдіктерде болғаны мәлім, бірақ дәл арабтар өсімдік майларын натрий гидроксиді және иістендіргіш заттармен араластыруды ойлап тапқан.

Заманауи химия. Жабир ибн Хайян – химия ғылымының негізін салған ғалым. ІХ ғасырда ол заманауи ғылымда әлі күнге дейін пайдаланылып келе жатқан процесстерді ашты: дистилдендіру, кристаллизациялау, еріту, рафинадтау, тотықтандыру, буландыру және фильтрлеу. Хайян күкірт қышқылы мен азот қышқылын ашты, және күрделі заттарды айыру аппаратын ойлап тапты. Соның арқасында әлемде алкогольдік ішімдіктер мен иіссуларға пайдаланылатын иістендіргіштер пайда болды.
Иінді білік. Ротациялық қимыл-қозғалысты сызықтыққа ауыстыратын құрылғы иінді білік деп аталады. Оны мұсылман инженері әл-Джазари ойлап тапты. Бұл механиканың ең маңызды өнертабыстарының бірі болып саналады. Бастапқыда суландыруда пайдаланылған бұл құрылғы бүгінде заманауи көліктердің негізгі жасаушы бөлігі саналады. Инженердің кітабынан оның вентильдер мен клапандарды ойлап тапқаны немесе жетілдіргені анық байқалады, алғаш болып механикалық сағатты жасаған. Әл -Джазариді робототехниканың әкесі деуге болады. Кодталатын құлып та оның өнертабысы.

Сүйір арка. Сүйір арка – еуропа готикалық соборларында да кездеседі, бірақ мұндай аркалар идеясы мұсылман архитектурасынан алынған. Ол римдіктер мен нормандар пайдаланатын жарты шеңбер аркадан мықтырақ болған, және сәйкесінше, одан да биік, құрылысы күрделі ғимараттар салуға мүмкіндік берген. Сонымен қатар еуропалықтар мұсылмандардан ойлы-қырлы күмбездер мен дөңгелек терезе-розеткалар құрылысының идеясын алған. Еуропалық қамалдар атыс ойығымен, жақтауларымен, барбакан және төртбұрыш мұнараларымен мұсылман қамалдарына ұқсап қалды. Мысалы, Генрих V қамалының архитекторы мұсылман болған.