Untitled Document

Тарих... Мұсылман өнертапқыштары әлемге не сыйлады? (1)

Кофе. Аңызға сәйкес, араб Халид оңтүстік Эфиопия аймағында қойларын бағып жүріп, қойларының нақты бір жидектерді жегенде белсенді болатынын байқаған екен.  Соларды жинап, Халид алғашқы кофені қайнатады.
Дәндерді сыртқа шығару жайлы ақпараттар кофені Эфиопиядан Йеменге экспорттауға қатысты болды. 15 ғасырдың өзінде оны Меккеге және Түркияға апарған, сол жақтан кофе 1645 жылы Венецияға жеткен. Англияға дәндерді түрік Паскуа Роси (Pasqua Rosee) 1650 жылы әкелген және лондондық Ломбард көшесінде алғашқы кофейняны ашады. 

Камера. Ежелгі гректер көздердің жарық бөлетініне және адамдар сол арқылы көре алатынына сенген. Шын мәнінде, жарықтың көзге түсетіні жайлы 10 ғасырда өмір сүрген мұсылман математик, астроном және физик Ибн әл-Хайсам айтқан. Қақпақ саңылаулары арқылы жарықтың енуін бақылаған ол, саңылау кіші болған сайын сурет барынша жақсы көрінетінін байқаған, осылайша алғашқы обскур-камерасын ойлап тапты (“qamara” арабшадан аударғанда “қараңғы немесе бөлек бөлме” дегенді білдіреді). Сонымен қатар әл-Хайсам бірінші болып физиканы философия ғылымынан тәжірибеге ауыстырған деп есептеледі.

Шахмат. Шахматты сонау ежелгі үнділер ойнаған, бірақ ойын бүгінгі біз білетін ойыннан әлдеқайда өзгеше болған. Заманауи нұсқасы парсыларда пайда болып, сол жақтан таралған.

Парашют. Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженері Аббас ибн Фирнастың ойына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін матаға ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап ұшамын деп ойлағанымен бұл ойы іске аспайды. Мата ғалымның құлауын біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады. Осылайша ғалым кішкене қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылды. 70 жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіз құлап, бақилық болады: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді.