Әдеп-ахлақ... Айыпталудан қорқу
Айыпталудан қорқу – адамдардың жамандауына, өсектеуіне, айыптауларына ренжу дегенді білдіреді. Жақсы, қайырлы істерді жасауға шешім қабылдау және оны соңына дейін жеткізу, өзгелердің айыптауларынан қорықпауға байланысты. Көп адамдардың жаман амалдар істеуі және тіпті Аллаhу та’аладан бас тартуы немесе оның бұйырған және тыйым салған нәрселерді орындамауы, адамдардан ұялу және айыпталудан қорқу себебінен болады. Мал-мүлік және мансапқа ие болған адамдардың көбі айыпталудан қорқу себебінен иманды болудан және Ислам дінінің әмірлерін орындаудан махрұм қалған. Қаншама адамдар бұл қорқудың себебінен күнәлар істеуде. Қазіргі заман адамдардың әсіресе жастардың арасында таралған жаман әдеттер, билер, арақ, есірткі және құмар ойындары, басқа адамдардың жамандауларынан қорқу себептерінен жасалуда. Адамдардың жамандауларынан және айыптауларынан қорқуға қарсы шара ретінде былай деп ойлау керек: Егер олардың жамандаулары дұрыс болса, кемшіліктерімді өзіме білдірген болады. Бұларды қайта істемеуге уәде бердім, деп айту керек. Мұндай жамандаулардан қуанып, оларға рахмет айту керек.
Хасан Басриге бір адамның өзін ғайбат еткенін (артынан жамандағанын) айтады. Оған бір табақ халуа жіберіп: «Сауаптарыңды маған сыйлағаныңды естідім. Оның қайтарымы ретінде мына халуаны жібердім» деген екен.
Имам Ағзам Әбу Ханифаға да өзін біреудің ғайбат еткенін жеткізеді. Әбу Ханифа оған бір қалта алтын жіберіп «Бізге берген сауаптарын арттырса, біз де есесін арттырамыз» деген. Егер жамандаулары өтірік, нахақ, жала болса, онда зияны өзіне болады, ал сауаптары маған жазылады деп ойлау керек. Жала жабу, ғайбат етуден де үлкен күнә болып табылады.