Ғибрат... Он бес жыл
Османлы заманында бір салих кісінің әйелі кенеттен көзі көрмей қалады. Арадан көп ұзамай күйеуі де белгісіз себептен көзі көр болып қалады. Екеуі де көзі көр күйде 15 жылды бастан өткізді. Он бесінші жылдың соңында әйелі қайтыс болды. Әйелі қайтыс болғаннан кейін әлгі кісі қайтадан көре бастады. Көршілер бұл жағдайға таңырқап себебін сұраған екен. Әлгі кісі: Құрметті көршілер, негізінде менің көздерім мүлдем көр болмаған еді. Әйелім көзі көрмей қалғаннан кейін мені оны тастап басқаға үйленіп кетеді деп ойлап қатты күйзеліп көңілі түсіңкі жүретін. Осы себепті әйелім күйзелмесін деп мен де көзім көрмей қалған сыңай таныттым. Менің де көзім көрмей қалғанын түсінгенде бұл уайымынан құтылып көңілі орнына түсті.» дейді. Көршілер: «Үйде көр секілді жүруіңізді түсіндік. Ал сыртта неге олай жүрдіңіз?» деп сұрады. Салих кісі: «Сыртта да көр секілді жүрмегенімде күндердің күнінде әйелім мұны еститін еді және ол кезде одан да көбірек ренжитін еді. Оны ренжітпеу үшін он бес жыл бойы осы келеңсіздікке сабыр еттім» деген екен.
Күлімдейік...Білмейді
Елдердің бірінде бір әкім мен ақпарат құралдарының арасы суып, кектеніп қалған екен. Әкім не істесе де ақпарат құралдары кемшілік тауып теріс ақпарат жазады екен. Бірде-бір ісін болымды жағын жазбайдымыс. Бір күні бұл әкім «сондай ерекше нәрсе істейін бүкіл БАҚ мені мақтап жазудан басқа амал таба алмасын» деп ойлайды. Әйгілі фокусшыдан (көзбояшыдан) тәлім алып, кейін ақпарат құралдарын шақыртады да, теңіздің бетімен жүріп өтеді. Журналисттерге қарап енді не дейсіңдер дегендей мысқылдап өтеді. Ертеңіне газет беттерінен мынадай жазуды көреді: «Әкім жүзуді білмейді екен»