Untitled Document

Бала тәрбиесі... Ең маңызды салым (1)

Заманымызда адамдардың көп қозғайтын әңгімелері капитал, экономика, биржа, акция, жылжымайтын мүлік сияқты тақырыптар. Келешекке салым жасап, келешегімізді кепілге алу қажет деп жатады. Яғни қай салаға капитал құю тиімді болса соны әңгімелеп, соған бет бұрып жатады. Бұл әрине қалыпты нәрсе, мінделетін тарапы жоқ.

Алайда ұмытпау қажетті тағы бір маңызды салым түрі бар. Ол да болса балаға жасалатын, адамға жасалатын салым. Әлемдегі ең қиын іс адам жетілдіру. Баланың жетілуіне септігін тигізетін көптеген факторлар бар. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары: жанұя, айнала, мектеп және БАҚ. 

Әлемдегі барлық мемлекеттер өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын қадірлей білетін адам ретінде тәрбиеленуін қалайды. Сондықтан осы жолда барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұны жүзеге асыра алған елдердің басқа да қиыншылықтары жеңіл және жылдам шешіледі. Өйткені барлық нәрсенің басы – адам. Адамның жақсы өсіп жетілуі үшін ешбір шығыннан және қиыншылықтан қашпағандар жетістіктің және мәдениеттің шыңына көтерілді. Тарихта осы қағиданы Османдықтар жаңғыртқан болатын. Қазіргі таңда Америка және Еуропа елдері де осы бағытты ұстанып келеді.

Мемлекетіміз жоғарыда аталып өткен адамның өсіп жетілуі үшін ең маңызды рөлді атқаратын факторларды әсте-әсте қолға алуда. Әйтсе де әрбір ата-ананың да өз кезегінде бала тәрбиесіне ат салысуы, қарап жатпауы маңызды мәселе.

(Жалғасы ертең...)