Untitled Document

Мақала... Батыстың көзқарасымен Ислам

Барлық діндерді түбегейлі зерттеген ағылшын ғалымы Лорд Дейвнпорт 20-ғасырдың бастарында Лондонда басылған «Хазреті Мұхаммед және Құран кәрім» атты ағылшын тілінде жазылған кітабында былай дейді:

«Адамгершілік мәселесіндегі ұқыптылығы соншалық, мұсылмандықтың аз уақыт ішінде тез таралуына себеп болған. Мұсылмандар соғыста бағынған басқа діннің адамдарына әрдайым кешіріммен қараған. Мұсылмандардың христиандарға қарсы әрекеті мен папалықтың және королдіктің мұсылмандарға жасаған әрекеті салыстыруға келмейді. Мысалы, 1572 жылы 24-тамызда 9-король мен ханшайым Катеринаның бұйрығымен Париж және оның маңайындағы 60 мың протестант өлтірілді. Папалықтың тағылық әрекеттерінің қасында мұсылмандардың мұсылман еместерге жасаған әрекеті түкке де тұрмайды. Ислам басқа діндер былыққа батып жатқанда өзінің тазалығымен ақылдық пен идеялық тектіліктің символы болған. 

Ислам қан төгудің орнына ғибадат пен садақаны әкелу арқылы адамдарға ізгілік сыйлады. Әлеуметтік теңдіктің негізін қалады. Осылайша, қарусыз-ақ әлемге таралды. Ғылымға мұсылмандар сияқты берілген басқа халық жоқ деуге де болады. Хазреті пайғамбардың көптеген хадистері ғылымға шақырады. Ислам діні ғылымға бәрінен де артық мән береді».

Кешегі жауап: Столды ақырын ұра бастаңыз! Стакан секірген сайын қағаз майлықты ақырындап суыра беріңіз!