Untitled Document

Сұхбат... Аллаһу та’алаға сену

Амәнту  биллаһи: Аллаһу та’аланың барлығына және бiрлiгiне сендiм, иман еттiм, жүрегiммен растап (тасдиқ) тiлiммен айттым деген мағынаға келедi. Аллаһу та’ала бар және бiр. «Бiр» сөзiнiң сөздiкте екi түрлi мағынасы бар. Бiрiншiсi, сан жағынан екiнiң жартысы әрi сандардың алғашқысы. Екіншісі, сыңары және ұқсасы болмау жағынан бiр. Мiне Аллаһу та’ала тек қана сан жағынан емес, ұқсасы болмау жағынан да бiр. Яғни затында және сипаттарында ешқандай сыңары жоқ. Барлық жаратылыстың заты және сипаттары өздерiн жаратқан құдіреттің затымен  сипаттарына ұқсамағандығы сияқты, жаратқанның заты және сипаттары да жаратқандарынан ешбiрiнiң заты және сипаттарына ұқсамайды.

Бүкiл жаратылған әрбiр мүшенiң, клеткалардың жаратушысы, жоқтан бар етушiсi жалғыз Аллаһу та’ала. Аллаһу та’аланың затының ақиқатын, яғни қандай екенiн ешкiм бiлмейдi. Ол ойға, қиялға келетін ешбір нәрсеге ұқсамайды. Тек, Құран Кәрiмде баяндалған сипаттарын, есiмдерiн жаттап, ұлылығына жүрекпен сенiп, тiлмен айту керек. Барлық сипаттары мен есiмдерiнiң бастамасы да, соңы да жоқ.

Заты ешбiр жерде тұрмағандығы iспеттi, біз бiлетін алты жақта болудан да пәк. Яғни алда, артта, оңда, солда, төбеде, төменде емес. Ол әр жерде үнемi дайын және үнемi көрiп тұр деп айтуға болады. 

 

Зеректік жұмбағы... Стакан

Стол үстіне қағаз майлық (салфетка) қойып, оның үстне стаканды төңкеріп қойыңыз. Стаканды құлатпастан және қолыңызды cтаканға тигізбестен қағаз майлықы ала аласыз ба?

(Жауабы ертең...)