Сұхбат... Уақытты бос өткізбеу керек
Адам, дүниеге ойын-сауық және рахаттық үшін келген жоқ. Дүние – еңбек ету және табыс табу мекені. Дүние – ақыреттің егістігі. Бұл жерде не егілсе, ақыретте соның жемісі алынады. Бос уақыт – жақсы мүмкіндік және олжа. Пайдалы іс істемей уақытты бос өткізу – уақытты өлтіру деген сөз. Дүниеде жасалған әр істің, әр демнің есебі қияметте сұралады.
Хадис шәрифте айтылғанындай: «Қиямет күні барлық адам өмірін және жастық шағын қай жерлерде өткізгені үшін, ақшаны қайдан тауып қайда жұмсағаны үшін және үйренген ілімімен амал етіп етпегені үшін есепке тартылады.» (Тирмизи)
Өмір, білім, мал-мүлік және дене – Аллаһу та’аланың құлдарына берген капиталы. Бұл капиталды Аллаһу та’аланың білдірген жерлеріне жұмсау (қолдану) керек. Уақыт өтіп кеткеннен кейін өкінудің пайдасы болмайды. Сондықтан жастық шақтың, мал-мүліктің, денсаулықтың қадірін білу керек, дүниеде ақырет үшін пайдалы істер жасау керек. Хадис шәрифте былай делінді: «Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенiң қадiрiн бiлiңдер: өлместен бұрын өмiрдiң қадiрiн, ауырмай тұрып денсаулықтың қадiрiн, дүниеде ақiретті жақсартудың қадiрiн, қартаймай тұрып жастық шақтың қадiрiн, кедейліктен бұрын байлықтың қадiрiн біліңдер.» (Әбу Нуайм)
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.