Бала тәрбиесі... Теледидар және бала
Балаларды теледидар алдынан тұрғызу қиынға соғып жататыны бар. Ұйқысы келіп, ұйқылы-ояу отырса да «балам, төсегіңе жата ғой» дегенге қарамай еркеленіп, жылап орнынан тұра қоймайды. Ал негізінде демалыс күндері болса да, мектеп күндері болса да баланы уақытылы ұйықтату керек. Жасынына сай болмаған нәрселерді көріп үйренген баланың психологиясы бұзылады. АҚШ-та бір топ психолог мамандар кез келген сәтте өзіне қол жұмсағыш, ата-анасына құрметі жоқ, әдеп негіздерінен жұрдай, есірткі тәуелділігіне тұтылған жастарды зерттеуге алған. Нәтижеде бұл жастардың кішкентайынан теледидардан әртүрлі озбырлықтарды көріп, тәрбиені ата-анадан емес теледидардан үйренген балалар екендігін анықтаған.
Әдеп-ахлақ ... Жаман мінез жұқпалы
Жақсы мінезді болу үшін жақсы адамдармен, мінезі жақсы адамдармен достасу керек. Адамның мінезі досының мінезі сияқты болады.
Ұлы әулие Абдулхаким Арваси бұл мәселеге қатысты былай дейді:
«Оба ауруы өте жұқпалы ауру. Соған қарамастан мықты адам обамен ауырған адаммен бір бөлмеде болса, бір төсекте жатса, бір ыдыстан тамақ жесе, осылайша жеті жыл тұрса мықты адамға аурудың жұқпау мүмкіндігі бар. Бірақ, жақсы мінезді адам жаман адам тұратын бөлмеде бір кеш қалса да ол адамға жамандықтың жұқпай қалу ықтималы жоқ...”.