Untitled Document

Сұхбат... Дұрыс сөз деген не?

Сен туылдың, барлығы күлді, сен ғана жыладың. Сен өлген кезіңде барлық адам жылап, сен ғана күлетіндей етіп өмір сүр. 

Қаншама адам келді, қанша нәрсе қалады, ақырында дүниені тастап кетті. Сен ешқашан кетпейтін сияқтысың, солай емес пе? Ол кеткендер де сен сияқты ойлайтын.

Кемел адам жақсы сөз айтқан адам емес, айтқанын істейтін және істей алатынын айтқан адам болып табылады. 

Үйленерде тек бірге өмір сүре алатын кісіңді емес, онсыз өмір сүре алмайтын жарыңды таңда! Келгенде тек бір адамдық бос жерді толтыратын болмасын, кеткенде де оның орыны толтырыла алмасын.

 

Сұхбат... Өлімді еске алу

Қияметтің қиыншылықтарын шын мәнінде ұғына алғанымызда, дүниелік қиыншылықтарды дерт деп білмес едік. Бүкіл келеңсіздіктер өлімді ұмытудан туындайды. Ал өлімді еске алу ең үлкен насихат. Әрбір иман иесі өлімді көп еске алуы қажет. Өлімді көп еске алу діннің әмірлерін жіті орындауға және күнәлардан тыйылуға себеп болады. Харам істеуге деген батылдықты азайтады. Пайғамбарымыз былай дейді:  

«Өлімді еске алу күнәлардан сақтайды.» (Ибн Әбиддунйа)

«Ахиретте болатындарды сендердің білгендеріңдей жануарлар да білгенде жеу үшін ет таба алмас едіңдер.» (Бәйһақи)   

«Ләззаттарды жоятын, ауыздың дәмін бұзатын, үміттерді үзетін өлімді көп еске алыңдар! Өлімді таршылықта еске алған адам жеңілдейді. Кеңшілікте еске алған адам, ысраптан қашып, қанағатшыл болады.» (И. Хиббан)