Сұхбат... Дінде реформа болмайды
Нақыл – естіген немесе оқыған нәрсені өзгеріссіз жеткізу дегенді білдіреді. Нақыл жолымен қол жеткізілетін ілімдер, яғни дін ілімдері өте үстем ғылым болып табылады. Бұл ілімдерді әһли сүннет ғалымдары сахабалардан, ал олар сүйікті пайғамбарымыздан (алейһиссалам) нақыл еткен, яғни бізге сол күйінде жеткізген. Бұл ілімдер адамның ақылынан, сана-сезімінен, логикасынан үстем, бәрінен жоғары тұрады. Бұларды ешкім, ешқашан өзгерте алмайды. «Дінде реформа болмайды» - деген сөздің мағынасы осы. Ислам, ақылдың көмегімен қол жеткізілетін (математика, физика т.б.) ілімдерге тыйым салмаған. Бұл ілімдерді нақыл (дін) ілімдерімен бірге үйренуді және ислам үкімдеріне сай, адамдарға пайдалы түрде қолдануды, зұлым, азап, пәлекеттің құралына айналдырмауды әмір еткен. Мұсылмандар көптеген технологияларды ойлап тапқан. Мысалы, хижри 687 жылы (м 1288) жылы компасты, 1282 жылы (м 1866) жылы мылтықты және 762 жылы (м 1361) зеңбіректі ойлап тапқан. Фатих Сұлтан Мехмет хан Стамбул қаласын алғанда осы мылтық, зеңбіректерді қолданған. Ислам діні – исламға қарсы болғандардың, ислам ахлақын білмейтіндердің ілім ретінде енгізген, сабақ, міндет деп атау берген ахлақсыздықтардың, ойдан құрастырылған тарихтардың, ислам дініне тағылған жалалардың оқытылуын, зиянды, жаман үгіт-насихаттардан алыс жүруді және пайдалы, жақсы ілімдерді үйренуді әмір етуде.
Ислам - адамның тіршілігіне пайдалы бүкіл ілімді, тәжірибелерді әмір еткен. Мұсылмандар жаратылыстану ғылымдарын жақсы көреді және ғалымдардың тәжірибелеріне сенеді. Бірақ ғылымның атын жамылып жүрген арампиғылды ғалымсымақтардың өтіріктері мен жалаларына сенбейді.