Untitled Document

Денсаулық... Мұқият болыңыз

Үйде мән берілуі керек болған жағдайлар:

- Қатерлі ісікпен (рак) күрес ана рахымынан басталады. Жүкті әйелдер шамадан артық дәрілік витаминдерден аулақ болыңдар. Аптасына екі рет балық етін жеп тұрыңдар.

- Кемпірқосақтың жеті түсіндегі жеміс-көкөністерінен не тапсаңыз бәрінен күніне 3-5 данадан жеу керек.

- Порошок қолданғанда міндетті түрде қолғап қолданыңдар.

- Ыдыс жуғыш машиналарында қолданылатын порошоктар канцерогенді болып табылады. Жуылған ыдыстарды сіркелі суда немесе лимонды суға тағы бір шайған дұрыс.

- Жаңа сатып алынған ақ түсті іш киімдерді ең аз екі сағат қайнату керек! Бұларды ағарту үшін канцерогенді заттар қолданылады.

- Бөлмені иістендіру спрэйлері мұнай өнімінен жасалады, ауаға улы заттар таратады.

- Көкөністерді мезгілінде тоңдырып сақтауға болады. Бірақ бір рет ерігеннен кейін міндетті түрде пісіріңдер, қайта тоңдырмаңдар!

- Радияция қатерлі ісік (рак) ауруларына бір қадам жақындататын факторлардың бірі. Теледидардан өте алыс отырыңдар!

- Зәйтун майы және орман жаңғағы майы қуырма тамақтар үшін ең қолайлы май.

- Балалар “Fast food” өнімдерін аптада үш рет жегендерінде ми ісіктерінде (опухоль) үш есе өсім байқалады.

- Балаларға жемістерді және айранды көп беріңдер. Айранды балғын сүттерден үйде өздерің жасаңдар. Ешкі ірімшігі өте пайдалы.

- Үш ақтан (ұн, шекер, тұз) ұзақ тұрыңдар.

- Америкадағы балалардың семіз болуының себебі барлық нәрсеге шекер қосуларынан.

- Ең пайдалы азық жаңғақ, орман жаңғағы және миндаль. Қабығы аршылмаған күйінде алыңдар.

- Алма дүниедегі ең пайдалы азықтардың бірі.

- Пластикалық, мыс және алюминь ыдыс қолданбаңдар!

- Жемістерді жуғанда судың ішіне бір-екі қасық алмалық сірке суын қосып, жарты сағаттан кейін таза сумен тағы жуыңдар.

-  Жемістердің жылтырап тұруы үшін бетіне шам (свеча) жағады. Бұларды зәйтун майынан жасалатын сабынмен немесе сірке суы қосылған сумен жуып кетіру керек.