Untitled Document

Жануарлар әлемі... Киттер (2)

Қызықты мәліметтер:                                    

  • Көк киттің жүрегінің салмағы – 1 тоннаға дейін жетеді, ал тілінің өлшемі бір пілдің өлшемімен тең.
  • Балықтардың құйрығы тік, ал киттердің құйрығы көлденең орналасқан.
  • Салмақтары ауыр болса да, су бетіне 15-20 секундта оңай шығады. Өйткені сүйектері кеуекті іші майлы заттан жасалған.
  • Олар теңіз суын ішпейді. Өздеріне қажетті суды жеген азықтарынан алады.
  • Олардың сезу және есту мүшелері өте жақсы дамыған. Су астында әр түрлі дыбыстар шығарып, бағыттарын таба алады. Бұл есту мүшесінің қызметі радарлардың қызметімен бірдей.
  • Сақталған майдың есебінен 8 ай бойы ештеңе жемейді. Алайда жаз бойы тәулігіне 2 тоннаға дейін азық жейді.
  • Киттердің сүті қою болады және тіс пастасына ұқсайды.
  • Тісті киттер ірі балықтармен, ал мұртты киттер майда планктондармен қоректенеді.
  • Киттер мен дельфиндер белгілі бір уақыт жарты миымен ғана ұйықтайды. Себебі олар ауамен тыныс алып, судың бетіне жақын жерде  ұйықтайды.
  • Киттердің жауы – адамдар. Олар тек еті мен басқа да шикізат көздері үшін ауланады. 

Кешегі сұрақтың жауабы: Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға қарай итереді.