Untitled Document

Сұхбат... Бисмилләмен бастау

Жақсы істерді бисмилләмен бастау керек. Ләухул-махфузға алғаш жазылған сөз бисмиллә болып табылады. Адам пайғамбарға алғаш келген сөз – бисмиллә сөзі. Мұсылмандар бисмиллә сөзі арқылы Сыраттан өтеді. Жұмақ шақыруының мөрі бисмиллә болып табылады.

Бисмилләнің мағынасы  «барлық нәрсені жоқтан бар етуімен және әр демде жоқ болудан қорғауымен оларға жақсылық жасаған Аллаһу та’аланың көмегімен осы істі жасай аламын. Білгірлер оны Жаратушы ретінде таныды. Әлемдер оның мейірімділігімен ризыққа ие болды. Күнә істегендер Оның рақымдылығымен тозақтан құтылды»  дегенді білдіреді.

Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Бисмилләмен басталмаған әрбір маңызды іс нұқсан болып қалады».

«Жазған кезде Бисмиллә айтқанның қажеттілігі оңай өтеледі, Аллаһу та’ала да риза болады».

«Үйге кіргенде шайтан да сізбен бірге кіруге тырысады. Кірерде бисмиллә айтылса, шайтан «бұл үйге кіре алмаймын» деп, кері қайтады».

«Аллаһу та’ала ісін бисмилләмен бастаған адамды кешіреді».

«Ұстаз шәкіртіне бисмиллә оқыса, шәкірті қайталаса, Аллаһу та’ала баланың және ата-анасының және ұстазының тозаққа кірмеуі үшін құжат жаздырады».

Абдуллаһ Ибни Аббас былай дейді: Пайғамбарымыз бұйырды: «Құран Кәрімді құрметтеу Әузу-мен бастау арқылы болады және Құран Кәрімнің кілті – бисмиллә».