Untitled Document

Сұхбат... Ата-ананың бала алдындағы міндеттері

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннамнан қорғауға тиіссіңдер! Оларға мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» (Мүслим) Басқа бір хадисте: «Көп Мұсылман балалар әкесінің кесірінен Уәйл атты жаһаннамға түседі. Өйткені бұлардың әкелері тек ақша табу және көңіл көтеру құмарлығына түсіп, тек дүние істерін қуалап, балаларына мұсылмандықты және Құран кәрімді үйретпеді. Мен мұндай әкелерден ұзақпын. Олар да менен ұзақ. Балаларына дінін үйретпегендер жаһаннамға түседі.» (С. Әбәдийа) делінген. Тағы бір хадис шәрифте: «Балаларына Құран кәрімді үйреткен әкелерге, үйретілген Құранның әрбір әрпі үшін Қағбаи муаззаманы он рет зиярат еткендей сауап беріледі және басына тәж кигізіледі. Бүкіл адамдар бұған тамсанып қарайды.» делінген. Пайғамбарымыз басқа бір хадисте: «Балаларыңа намаз оқуды үйретіңдер. Жеті жасқа толғанда намаз оқуды әмір етіңдер. Он жасқа келгенде намаз оқымаса, ұрып оқытыңдар.» деген. Басқа бір хадисте: «Мұсылманның баласы ғибадат еткен кезде, алған сауабындай сауап әкесіне де жазылады. Кімде кім баласына жаман, күнә істер үйрететін болса, баласы қанша күнә істесе әкесіне де сонша күнә жазылады.» делінген. Ибн Абидин хазреттері намаздың мәкрухтары бөлімінің соңында былай дейді: «Харам болған нәрсені баласына істеткен адам, өзі харам істеген болады. Баласына жібек матадан киім кигізген, алтын таққызып, арақ ішкізген, дәретін қыблаға қарай бұздырған және қыблаға аяқ ұзатуына себеп болған әке, өзі де күнә істеген болып саналады.»