Үй үшін... Бақыттың оңай жолдары
Зерттеушілер “Psychological Bulletin” журналында жариялаған мақалада бақыттың рецептін қысқаша былай баяндайды:
¨ Алдына қойған мақсаты барлардың келеңсіздіктерден, қайғы-қасіреттен тезірек шығатыны және айналадағылармен қарым-қатынастары тығыз бола алатындығы,
¨ Жаңа тәжірибелерге ашық адамдардың бақытты бола алатыны,
¨ Бақыттылық сабыр арқылы болатыны, жақсы күндердің қадірі жақсырақ білінуі үшін сабырлы болу керектігі,
¨ Адамдарға көмектесетін, жақсылық жасайтындардың бақыттырақ болатыны,
¨ Әлеуметтік іс-шараларға араласатындар және шынайы, адал достары барлар бақытты болатыны,
¨ Көк түстің адамның өзіне деген сенімінің арттыруына және стрестің азаюында әсері болатыны,
¨ Отбасылық махаббат, өмірін сүйікті жандарының арасында өткізу де бақытты болудың маңызды ерекшелігі екендігі аталып өтті.
Денсаулық... Киім
Бұл мезгіл адамдардың түрлі гриптік инфекциялар мен жұқпалы ауруларға тұтылуы оңай уақыт болып табылады. Мамандар көктемнің шарттарына сай киім кию керектігін ескертеді.
Көктем ауа райының суықтан жылыға ауысу мезгілі. Құбылмалы болатын, кенеттен өзгеріп салатын ауа райы тез аурып қалуға себепші болады. Бұл кезде балалар мен қарттар абай болуы керек. Бұл жастағыларда ағзаның иммунитеті төмендеу келеді. Гриптік инфекцияларға қатысты ауруларға оңай шалдығуы мүмкін.