Untitled Document

Сұхбат... Құран кәрім – мұғжиза

Құрам кәрімде ешкім істей алмайтын, айта алмайтын нәрселер өте көп. Солардан алтауы мыналар:

Біріншісі: Ижаз және бәлағат. Яғни аз сөзбен көп нәрсені кемшіліксіз түрде түсіндіруде.  

Екіншісі: Құран кәрімдегі әріптер мен сөздер, араб әріптері мен сөздеріне ұқсағанымен, халықтың сөздеріне, әдебиетіне, өлеңдеріне, хұтбаларына мүлдем ұқсамайды. Құран кәрім адамның сөзі емес, Аллаһу та’аланың сөзі. Құран кәрімдегі сөздер мен адам сөздерінің бір-біріне ұқсауы, шыны бөлшектері мен алмаздың бір-біріне ұқсауы сияқты. Мұндағы айырмашылықты тіл мамандары жақсы біледі.

Үшіншісі: Адам Құран кәрімді қанша оқыса да жалықпайды. Оқыған сайын Құран кәрімге деген махаббаты, ләззаты артады. Бірақ Құран кәрімнің аудармасын және басқа да кітаптарды оқығанда мұндай ләззатты ала алмаймыз. Оларды оқығанда зерігіп, іш пыса бастайды. Адам Құран кәрімді оқығанда шаршауы мүмкін, бірақ зерікпейді, жалықпайды.

Төртіншісі: Тарихта өткен адамдардың белгілі және белгісіз көптеген халдері, оқиғалары Құран кәрімде білдірілуде.  

Бесіншісі: Құран кәрім болашақта болатын көптеген нәрселерді білдірген және олардың көбісі уақыт өтумен орындалған және әліге дейін орындалуда.  

Алтыншысы: Ешкім ешқашан біле алмайтын ілімдерді Аллаһу та’ала Құран кәрімде білдіруде.