Тарих... Үнділердегі оғаш әдет-ғұрыптар (2)
Ескі дәуірлерде үнді соттарында дәлел жоқ болса оғаш түрдегі тәжірибелерге жүгінетін. Ең әйгілі тәжірибелері мыналар: Күдікті адамның салмағы өлшенеді, екеуінікі де бірдей болса, кінәсіз деп есептеледі. Күдіктінің қолына қыздырылған темір беріледі, ұстап тұра алса, кінәсіз болып шығады. Күдіктіге улы шөп жегізеді, өлмесе кінәсіз болып есептеледі. Ғибадатханадағы пұттарды жуғандағы аққан лас суларды ішкізеді, үш аптаның ішінде ауырмаса, кінәсіз болып шығады.
Үнділер Ганг өзенінің жаннатқа ағатынына сенеді. Өзен жағасындағы Бенарес,олардың қажылық ететін қаласы. Жан жақтан келген үнділер, күн шығарда Ганг өзеніне түсіп шомылып, күнәларынан тазаратынына сенеді. Үнділер өлілерін өртеп, күлдерін Ганг өзеніне тастайды. Кедейлер жеткілікті мөлшерде отын таба алмағандықтан мәйіттерін жартылай ғана өртей алады. Кейін сол күйде өзенге тастайды. Бұл жартылай жанған өлілер күшіген және крокодилдерге жем болады. Қазіргі таңда үкімет оларға отын қамтамасыз етуде. Бірақ барлығы өлілерін Ганг өзеніне алып келе алмайды. Қазір өлілер қалалардағы крематорийлерде жағылады. Үндістанда мазардың орнына, қадам сайын күл салатын құмыра жасап сататын дүкендер кездеседі.
Кришна есімін берген тәңірлерінің жаңа денесі деп сенетіндіктен үнділер сиырды қасиетті деп біледі. Ант етер кезде сиырдың құйрығын ұстайды. Сиырлар көшелерде еркін жүреді. Кейбіреулері сиырдың зәрімен тазаланады, нәжісін маңдайына жағады. Сиыр бір саудагердің көкөністерін жесе, ашулану былай тұрсын, жегеніне қуанады.