Тарих... Үнділердегі оғаш әдет-ғұрыптар (1)
Жүздеген нәсіл, мыңдаған ұлт өкілдері өмір сүретін Үндістанда ешбір елдегі әдет-ғұрыптарға ұқсамайтын таңқаларлық дәстүрлер бар. Бұлар көргендерді және естігендерді таң қалдырары сөзсіз.
Ертеректе Үндістанда бір әйелдің бірден көп күйеуі бола беретін. Аға інілердің барлығы бір әйелге үйленетін. Үндістанның солтүстігіндегі Тибетте мұндай жағдай әлі кездеседі. Үнділерде үйленуден мақсат нәсілін жалғастыру және ата-бабаларына ғибадатты басқаратын бір ұл жетілдіру. Сол себепті баласы жоқ еркек, бала асырап алатын немесе әйелін өзінің туыстарынан біріне бала табу үшін жіберетін. Қыз балалар отбасыға жүк және ұят саналғандықтан өлтірілетін. Бұл жағдай әсіресе жоғары таптағы үнділер арасында кең тараған болатын. Бүгіннің өзінде бұл әдет тоқталғанымен УЗИ арқылы баланың нәсілін анықтауға тыйым салынған.
Үнділерде «сати» немесе «деуанагари» деген оғаш әдет бар. Тұрмыстағы әйел күйеуі өлгеннен кейін де оны бақытты етуі және оның күнәларынан тазаруына көмекші болуы керекміс. Сондықтан жесір әйелдің өз-өзіне қол жұмсауы күтіледі. Көбінесе өлген күйеуімен бірге өртелетін.
Бабур империясының патшалары «сати» әдетін жоюмен күрескен. Хумаюн шах бұны жасаушыларға салық төлеткен. Әкбар шах әйелге ойлану уақытын берген. Шах Жиһан баласы бар жесір әйелдер үшін сатиге тыйым салған. Ал Евренгзиб шах болса 1663 жылы қызметкерлеріне сатиге бөгет болу әмірін берген. Бірақ сати бәрібір жасырын түрде жасалатын. 1987 жылы заң енгізілсе де Ражастанда әлі күнге дейін кездесуде.
(жалғасы ертең...)