Денсаулық... Антибиотиктің орнына сарымсақ суы
Америкалық мамандар сарымсақ суының антибиотикке қарсы төзімділік қалыптастырған микроптарды өлтіретіндігін анықтады. Сарымсақтың жүрек және тамыр жолдарының қорғаушысы, қан қысымын түсіруші әсерімен қоса, бауырдың аз холестерин және май өндіруін қамтамасыз ететіндігі, қан айналымын жақсартып тамыр қатаюының алдын алатыны бұрыннан белгілі еді. Мамандар сарымсақтың бұл қасиетін «Антибиотиктің жасай алмағанын сарымсақ жасады» деп атауымен, АҚШ-та құрамында сарымсағы бар дәрі-дәрмектердің сатылымы көтерілгені байқалды. Сондай-ақ дәрілерден гөрі сарымсақтың өзін тікелей тұтыну пайдалырақ екендігі де мәлімденді.
Күлімдейік... Апыл-ғұпыл
Асқазанының қатты аурып тұрғанына шағымданып келген адамнан дәрігер сұрайды:
- Кеше түскі және кешкі аста не жедіңіз?
- Алдыма не қойылған болса соның бәрін жедім.
Дәрігер ойланып тұрып, көздің дәрілерін жазып береді. Науқас ашуланып:
- Дәрігер мырза мынауыңыз не, асқазанмен көздің не қатысы бар?
- Қатысы бар әрине, көзіңіз жақсы көргенде алдыңнан шыққан барлық нәрсені апыл-ғұпыл жей беріп, асқазаныңды бұзбас едің?- деген екен.