Сұхбат... Шүкір
Имам Раббани хазреттері «Мәктубат» кiтабының 3-томындағы 17-хатында былай дейдi:
Сансыз ниғмет берген Аллаһқа шамасы жеткенше шүкір ету әрбір жанның бірден-бір міндеті. Ақылдың бұйыратын міндет борыш болып табылады. Бірақ Аллаһу та’алаға лайықты түрде шүкір ете алу оңай іс емес. Өйткені адамдар жоқ күйден бар етіліп кейіннен жаратылған, әлсіз, мұқтаж, айыпты, кемшілікті махлұқ. Ал Аллаһу та’ала үнемі бар, мәңгі, шексіз бар. Айыптардан, кемшіліктерден ұзақ. Бүкіл үстемдіктердің иесі. Адамдардың Аллаһу та’алаға ешбір жағынан ұқсастығы жақындығы жоқ. Мұндай төмен құлдар, өте ұлы болған Аллаһтың мәртебесіне жарасатындай түрде шүкір ете ала ма? Өйткені көп нәрсе бар, адамдар оны әдемі, қадірлі деп санайды. Бірақ бұлар Аллаһу та’ала жаман деп білдірген, ұнатпайтын нәрселер. Адамның құрмет және шүкір деп ойлаған нәрселері Аллаһу та’ала ұнатпайтын, қарапайым, бос нәрселер болуы мүмкін. Сондықтан адам баласы өзінің қысқа ақылы және қысыр санасымен жаратқанға құрмет амалдарды таба алмайды. Құрмет болып саналатын амалдар Аллаһу та’ала тарапынан білдірілмейінше, адам санасында мадақтау болған нәрселер жаратқан үшін мазақ ету, жамандау болуы мүмкін.
Адамдардың Аллаһқа деген діл, тіл және денемен өтеуі және сенуі қажет болған шүкір борышы мен құлдық міндеті, Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген және Оның сүйікті Пайғамбары арқылы жеткізілген. Аллаһ білдірген және әмір еткен құлдық міндеттеріне «Ислам» делінеді. Аллаһу та’алаға шүкір ету, Оның Пайғамбары алып келген дінге бағыну арқылы жүзеге асады. Бұл дінге қайшы немесе бұл жолдың сыртында қалған еш бір шүкіршілік, ғибадатты Аллаһу та’ала қабылдамайды және ұнатпайды. Сондықтан да Ислам дінінен хабарсыз жұртшылықтың өз бетінше әр түрлі ритуалдарды орындауларының Аллаһ құзырында ешбір құны болмайды.