Сұхбат... Аллаһтан қорқу
Аллаһу та’аладан қорқудың белгісі жеті нәрседен анықталады.
1) Тіл. Өтірік айтпайды, ғайбат етпейді, пайдасыз сөздерді сөйлемейді.
2) Көңіл (жүрек). Кек алу, көре алмаушылық ету деген жаман мінездерден арылады.
3) Көз. Харамға қарамайды, дүниедегі барлық нәрсеге ғибратпен қарайды.
4) Асқазан. Харам азықтардан ұзақ жүреді.
5) Қол. Харам нәрселерге ұстамайды.
6) Аяқ. Күнә жасалатын жерлерге бармайды.
7) Ғибадат. Ықыласпен, яғни Аллаһ разылығы үшін жасалады. Риядан, адамдарға көрсету ниетінен ұзақ тұрады.
Аллаһтан қорққан адам оның әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнады. Ешкімге жамандық жасамайды. Өзіне жасалған жамандыққа сабыр етеді. Істеген қателеріне тәубе етеді. Жұмыс істеген кезде, саудаласқан кезде ешкімнің ақысын жемейді, ілім және ахлақ иелеріне құрмет көрсетеді. Достарын жақсы көреді және өзін де жақсы көргізе алады. Ешкімді сыртынан жамандамайды және ешкімге дөрекі сөйлемейді. Мал-мүлік және мансабты, басқаларға жақсылық жасау үшін сұрайды. Өзін ұнатпайды. Аллаһу та’аланың әрқашан көріп тұрғанын және біліп тұрғанын ойлап, еш жамандық жасамайды. Қысқасы Аллаһтан қорққан адам халқына және еліне пайдалы болады.
Кешегі жауап: Жұмыртқаны стол үстіне қойып қолыңызбен айналдырыңыз. Шикі жұмыртқа айналмайды, яғни бір-екі айналып тоқтайды. Ал піскен жұмыртқа жылдам әрі ұзақ уақыт айналады.