Әлем... Мұсылмандық әлемге жылдам тарауда
Біріккен ұлттар ұйымының рапорты бойынша Еуропада 21 миллион мұсылман өмір сүруде. «Der Spiegel» журналындағы мұсылмандық сияқты өте жылдам тарап жатқан діннің жоқ екені жайлы жазған мақалада ағылшын философы Эрнест Гелнердің «Ислам – Аллаһтың жер беті үшін ұнатқан қоғамдық жүйесі» деген сөздеріне орын берілді.
АҚШ-та 2011 жылғы деректер бойынша 2106 мешіт бар. Бұлардың 76 % 1980 жылдардан кейін салынған. Айт намазына 2,6 миллион адам қатысқанына қарағанда АҚШ-та жалпы 7 миллионға жуық мұсылман өмір сүретіні болжануда.
Англияда 1963 жылы 13 мешіт қана бар еді. Ал қазір 600 мешіт және 1400 ислами орталықтар, ұйымдар бар. 3 миллионнан астам мұсылман өмір сүретін Англияда шіркеулер жабылып, ал мешіттер күн санап артуда.
Францияда 6 миллион мұсылман өмір сүруде. 1300 мешіт, ислам орталықтары және 600-ге жуық ислами ұйым бар.
Германияда 4 миллион мұсылман өмір сүруде. 1400 мешіт және Ислам орталықтары бар. Германияда мұнарасы бар мешіттер саны 66.
Италияда 1 миллион мұсылман өмір сүруде. 450 мешіттер мен ислам орталықтары бар.
Швейцарияда соңғы бірнеше жылдарда 6 мыңнан астам христианның мұсылмандықты қабылдағаны мәлім болды.
Данияда соңғы жылдарда 5 мыңнан астам христианның мұсылман болды.
Ресейде мұсылмандар саны шамамен 25 миллионды құрайды. 1990 жылдардың басына 90 мешіт болатын, ал қазіргі саны 7 мыңнан асып түседі. Тек Мәскеу қаласында 2 миллионнан астам мұсылман бар.