Сұхбат... Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігі
Хазреті Ибн Хафифтің шәкірттеріне айтқан өсиеті:
Кімде-кім мына мәселелерге мойынсұнатын болса нәпсінің қалауларынан құтылып құлдық міндеттерін толық орындап Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауышады:
1) Ғафлет және күнәлармен өткен уақыттарына өкіну.
2) Пайдалы ілімдерді үйрену.
3) Барлық іс-әрекетінде Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарына мойынсұну.
4) Барлық жұмыстарында ақылдасу, кеңесу.
5) Дін бауырларымен бірге болып, уәсуәсалардан құтылу.
6) Әрбір ісі мен сөзінде адал, берік болу.
7) Асқазанды және тілді харамдардан қорғау.
8) Қарын ашпай тұрып жемеу, шөлдемей тұрып су ішпеу, ұйқы келмей тұрып ұйықтамау.
9) Бөтен әйелдермен қажетсіз бір жерде тұрудан, көрісу, кездесуден аулақ болу.
10) Үнемі дәретті жүру.
11) Зәру болмайынша ғафлет иелерімен, яғни Аллаһу та’аланы еске алмайтындармен бірге болмау.
12) Ешкімді азарламау, жазғырмау.
13) Нәпістің өзін басқалардан жақсы екендігін немесе басқалардың білмегенін білетін, үстем екендігін ойлауының алдын алу.
14) Тәкаппарлықтан сақтану. Тәкаппарлықтың белгісі - өзін үстем деп немесе басқаларды төмен санау.
15) Ужбтан, өзін ұнатудан сақтану. Ужбтың белгісі – өзін және өзінің ақыл-ойын ұнатып, ешкімнің насихатын қабыл етпеу.
16) Хаседтен (көре алмаушылықтан) сақтану. Хаседтің белгісі – Аллаһу та’аланың бір құлына берген ниғметін, ол құлдан кетуін қалау.
17) Көңілде Аллаһу та’аланы ұмыттыратын ешнәрсеге орын бермеу. Дүние махаббатын көңілден алыстату.