Денсаулық... Асқабақ (2)
Австрия патшасы (1773 жылы) асқабақтың шипалық қасиетіне әбден тәнті болғандықтан, мынандай жарлық шығарған: «Асқабақ денсаулыққа таңғажайып әсер етеді, өте пайдалы болғандықтан, тағам ретінде пайдалануға тым бағалы, сондықтан тек дәрі күйінде ғана пайдаланылсын». Асқабақтың емдік қасиеттері Авиценаның жазбаларында, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы жоғары адамдарға асқабақ шәрбатының (сиропының) шипалы әсер ететіндігі айтылады.
Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін еместей көп. Олар:
– көзі нашар көретіндерге;
– жүрегі әлсіздерге;
– асқазаны ауыратындарға;
– қан аздыққа (анемия);
– семіздікке;
– несеп айдауға;
– өт айдауға;
– бүйрекке;
– ағзаны шлактан тазартуға;
– ішек құртына;
– үгілген жұмсақ еті денедегі бөртпеге, безеуге, қабыну, күйік пен үсікке;
– паразиттерді жоюға көмектеседі,
– түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас.