Untitled Document

Денсаулық... Асқабақ (1)

Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Антарктидадан басқа кез келген жерде өсе береді және айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, орташа салмағы 4-8 кг, ал ең жоғарғы салмағы – 800 кг болып өседі. Ғалымдардың болжамы бойынша, асқабақтың отаны – Африка. Шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. Қазақ жерінде 13 түрі бар. Қазақстанның барлық өңірлерінде, әсіресе, оңтүстік аудандарында көбірек өсіріліп, тағамда, мал азығында пайдаланылады. Ежелгі Грек және Рим тұрғындары кепкен асқабақты сұйықтық құятын ыдыс ретінде қолданған. Сарғылт, жасыл, ақ, сары, қызыл және сұр түсті асқабақтар бар.

Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар.Минералды тұздар мен дәрумендерге бай асқабақтың дәндерінің құрамында ақуыздар, омега-3, қанықтырылмаған май қышқылдары, селен, магний, мырыш, С, В, тобының дәрумендері де жеткілікті.

Асқабақтан дайындалған пюре, самса, сүтке пісірілген асқабақ ботқасы, асқабақ мантысы, шикі асқабақ шырыны, асқабақ құймағы өте дәмді, әрі пайдалы. Асқабақ ішектің сауығуына көмектеседі. Асқабақ пюресінде көміртегі мен калория аз болғандықтан, оны қантты диабетке және семіздікке шалдыққандардың күнделікті дәміне қосып береді. Асқабақ дәні балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланылады. Бүйрек, бауыр, ауырған кезінде, күніне 1 стақан шырынын ішу керек.

(Жалғасы ертең...)