Untitled Document

Сұхбат... Ата-ана ақысы

Бір күні бір жас жігіт сүйікті пайғамбарымыздың жанына келіп ата-анасын шағымданғысы келеді. Пайғамбарымыз оған былай деді:

«Анаң сені тоғыз ай құрсағында көтерді, екі жыл емізді. Сені үлкейгенге дейін қойнында жетілдірді, қамқор болды. Әкең де сені өсіру үшін көптеген қиыншылықтарға төзді. Сенің қажеттіліктеріңді қамтамасыз етті. Саған дініңді, иманыңды үйретті. Сені ислам тәрбиесімен өсірді. Енді қалайша олар мейірімсіз болады? Бұдан асқан мейірім бола ма?»

Тағы бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Ата-анаға жақсылық жасау, нәпіл намаз, ораза және қажылықтан да артық ізгілікті амал. Ата-анасына қызмет еткендердің өмірі ұзақ және берекелі болады. Ата-анасына қарсы шығып, оларға бағынбағандардың өмірлері берекесіз және қысқа болады. Ата-анасына қарсы шыққан адам лағнеттелген адам.» 

 

Сұхбат...

Бір дұға

Хазреті Абдулахад Сәрханди былай деген: «70 рет “Йа Аллаһ, Йа Рахман, Йа Рахим, Йа Қауийу, Йа Қадир” деп оқып дұға еткен адам не қаласа да Хақ та’ала дұғасын қабыл етеді және қандай тілегі болса береді.»

Аллаһ разылығы үшін оқылуы керек. Бір ретте 70 рет оқу керек, 71 болса болмайды, жанына басқа есім қойылса да болмайды. Бұлар “Исми Азам”, “Исми Жәлал”, “Әсма-ул-Хусна”. Әр намаздан кейін оқыған адам не деген бақытты! Ең болмағанда күнде бір рет оқу керек. Тілек үшін қырық күн оқу керек.

Жұма күні екіндіден кейін жайнамаздың үстінде қолдан келгенше «Йа Аллаһ, йа Рахман, йа Рахим, йа Қауи, йа Қадир» деп оқып, кейін дұға ету керек.