Untitled Document

Сұхбат... Сен болмағанда...

Аллаһу та’ала Құран кәрімде пайғамбарымызды көктерге көтеріп мақтаған:

«Біз сені әлемдерге рахмет – мейірімділік етіп жібердік.» (Әнбия 107)

«Біз сені бүкіл адамдарға сүйінші беруші және ескертуші ретінде жібердік» (Сәбә 28)

«Сен үшін бітпейтін, шексіз сауап бар. Әлбетте сен ең үстем мінез-құлыққа иесің.» (Қалам 3-4)

«Раббың саған (көп ниғмет) береді, сен де разы боласың!» (Духа 5)

Аллаһу та’ала тағы бір хадис құдсиде былай дейді: «Ей Расулым, Ибраһимді халил (дос), ал сені өзіме хабиб (сүйікті) еттім. Сенен асқан сүйікті ешнәрсе жаратпадым. Менің құзырымдағы сенің биік дәрежеңнің білінуі үшін дүниені және дүние халқын жараттым. Сен болмағанда әлемді жаратпас едім» (Мәуахиби Ләдунийә)

Хадис шәрифте де былай делінеді:

«Адам алейһиссалам жаннаттан шығарылғанында: "Йа Раббым! Мұхаммед алейһиссаламның құрметі үшін мені кешір!» деп дұға етті. Аллаһу та’ала [не деп жауап беретінін білсе де, жауабын басқа адамдардың естуі үшін]: «Оны әлі жаратпадым. Қайдан білдің?" деді. Адам алейһиссалам: «Аршта "Лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ" деп жазылғанын көрдім. Қасиетті есіміңнің жанына тек ең қатты жақсы көретін құлыңның есімін лайық көрерсің деп түсіндім» деді. Аллаһу та’ала былай деді: "Йа Адам, дұрыс айттың. Ол мен үшін адамдардың ең сүйіктісі. Оның құрметіне дұға еткенің үшін сені кешірдім. Егер Ол болмағанда сені жаратпас едім".» (Табарани)

Махшар күні адамдардың барлығы өкінеді. Мұсылмандар Аллаһу та’аланың Мұхаммед алейһиссалам арқылы жіберген дініне әттең көбірек мойынсұнғанымда деп, ал иман келтірмегендер болса шексіз, мәңгі өкініш ішінде болады, әттең осы пайғамбардың үмбеті болғанымда, мәңгі болған жаһаннамнан құтылғанымда деп пүшәйман қалады.